16
март
2017
«Ұстазым,сені ұлықтаймын!» Кітаптарға шолу
Зайсан ауданы әкімдігінің «Қаратал орта мектебі» КММ
«Ұстазым,сені ұлықтаймын!»
Кітаптарға шолу (5-11 сыныптар үшін)
Құрметті оқырмандарым! Назарларыңызға Ұстаз деген ұлы есімге арналған біраз кітаптармен таныстырайын.
Зайсан ауданы ұстаздарына арналған «Ұстаз-елдің тірегі, мектептің жүрегі» атты кітапты жергілікті автор Қалибек Қизатұлы Алтыбаев Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай 2011 жылы Өскемен қаласындағы «Рекламный Дайджест» баспасынан шығарды. Бұл кітапта ұлан-байтақ еліміздің шығысындағы қасиетті Зайсан аймағындағы оқу-ағарту саласының алыс-жақын тарихынан басталып, бүгінгі тыныс-тіршілікпен жетістіктері, өркендеуі,өзгерістері туралы жазылған.
Ел Тәуелсізідгінің 24 жылдығына Қалибек Алтыбаевтың «Қаратал ауыл округінің бүгіні мен өткені» атты кітабы 2015 жылы «Рекламный Дайджест» баспасынан шықты. Бұл кітаптың жазылуына ықпал еткен Қаратал ауылдық округінің әкімі Т.Ж.Дүйсенбаев. Округ аумағына қарасты мектептер ішінде Қаратал орта мектебі жайында мәліметтер 344-363 беттерде орналасқан. Кітап құнды фотоқұжаттармен қамтылған.
Алматы қаласындағы Инновациялық технологиялар институтында 2015 жылы «Қазақстан ұстазы» атты энциклопедия шыға бастады. Басылымның 1 томында Қаратал орта мектебінің ұзақ жылдар қызмет еткен үздік ұстаздары Биқадамов Қуанған Солтанбекұлы мен Габдуллина Камалхан Ибраевнаның және мектеп директоры М.Б.Сәрсенбаеваның өмірбаяндары берілген. Жалпы бұл шығарылымда отандық ұстаздардың педагогикалық өмірбаяндарымен және білім беру саласындағы жетістіктермен танысуға болады. Материалдардың электрондық нұсқасы www.kzu.kz орналасқан.
Мұғалім мамандығына қызыққан жасөспірім үшін орыс тілінде 1986 жылы Москва қаласында «Молодая гвардия» баспасынан шыққан «Мир профессий» «Человек-человек» атты кітаптағы 24-49 беттерінде орналасқан әртүрлі пән мұғалімдері туралы мақалалар бар.
Дмитрий Брудныйдың жетекшілігімен Москва қаласында «Политиздат» баспасынан 25 жыл бұрын 1991 жылы жарық көрген «Учитель» атты жинағында мұғалімдер туралы мақалалар,құжаттар, естеліктер, көркем шығаромалардан үзінділер берілген. 131-145 беттерде атақты адамдардың нақыл сөздері берілген.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Педагогика жаршысы» журналының 2005 жылғы №2(12) Жерлесіміз тарбағатайлық белгілі ұстаз Түгелбек Қасымұлы туралы «Шарлаған жолым жатыр жер бетінде» атты Гулназ Отарбаеваның мақаласы жарияланған.
Бұл кітаптарды кітапханада оқуларыңа болады.
Кітапхана меңгерушісі Н.К.Калиева