16
март
2017
Панфиловшылар ерлігіне 75 жыл! Кітапхана ұсынады
Зайсан ауданы әкімдігінің «Қаратал орта мектебі» КММ
5-11 сынып оқушылары үшін кітаптарға шолу.
16 қараша 2016 жылы Ұлы Отан соғысы кезіндегі алғашқы қанды ұрыстардың бірінің басталғанына 75 жыл толады. Қазақстандық әскерлердің ол ұрыстарда алатын орны ерекше.
«Аңыз адам» журналының 2010 жылғы № 9 атақты қазақтың әскери қолбасшысы,жазушы Бауыржан Момышұлына арналады. Генерал Панфиловтың қоластында ұрыстарға қатысқан батырымыздың өмірлік кезеңдері, жеке өмірі, шығармашылығы туралы естеліктер, құжаттарды осы журнал бетінен оқи аласыздар. 2008 жылы «Өнер» баспасынан «Қаһарман Бауыржан Момышұлы» атты фотоальбом да жарық көрген. Бұл кітап «Халық перзенті» серияда бұрын жарияланбаған фотоқұжаттармен басылып шыққан. 1991 жылы «Жалын» баспасы «Бауыржан батыр» деген жинақты шығарды. Бұл кітап Бауыржан Момышұлының 80 ьжылдық мерейтойына арналған. Құрастырған Мекемтас Мырзахметов. Өлең, сөз,хат, мақал-мәтелдер мен жазушылардың естеліктері жинақталған. 1977 жылы «Жалын» баспасы Александр Бектің «Арпалыс» (Волоколамск тас жолы) кітабын шығарған. Бұл кітаптың үшінші басылымы. Панфиловшылардың ерлік жолы баяндалады. Қазақ радиосында аудиокітабын беріп тұрады. Орыс тілінде. Тыңдауға болады. 1968 жылы «Жазушы» баспасынан Бауыржан Момышұлының екі томдық шығармалар жинағын шығарған. 1 томына «Москва үшін шайқас» атты кітабы енген. Панфиловшылардың әр әскерінің ерлік жолы баяндалады. Ендігі кітаптар орыс тілінде шыққан. 1966 жылы «Казахстан» баспасынан «Генерал Панфилов» деген Бауыржан Момышұлының кітабы жарық көрді. 18 қарашада ұрыста қаза болғанға дейін қолбасшысы болған комдив туралы автор зор құрметпен, сүйіспеншілдікпен жазады. 1975 жылы генерал Панфиловтың жұбайы Мария Ивановна Панфилова ері туралы «Иван Васильевич Панфилов» атты биографиялық кітап жазды, «Казахстан» баспасынан шыққан. Полковник А.Мухамеджановтың «Казахстанцы в битве под Москвой» атты кітабы 1968 жылы «Казахстан» баспасынан шықты. Кітаптың 54-65 беттерінде панфиловшылардың майдандағы ерлігі баяндалады. Н.Внуковтың «Москва за нами» атты кітабы 1985 жылы Ленинград қаласы «Детская литература» баспасынан шыққан, 25-32 беттерінде генерал Панфилов басқарған полктың әскери ерліктері жазылған. Панфиловшылар туралы www.vikipedia.ru сайтынан да оқып білуге болады. Сондай ақ www.you.tube сайтынан кинофильмдерді көруге болады.
Ал біздің ауылымыздың соңғы майдангері Қағазов Заки ақсақалымыз Бауыржан Момышұлының қол астында панфиловшылар дивизиясында соғысқа қатысқан. Ақсақалымыз 2016 жылы мамыр айында қайтыс болды.
Н.Калиева, кітапхана меңгерушісі