26
март
2017
Балалар бастауы-2017
"Балалар бастауы-2017" республикалық қоғамдық жобалар байқауының аудандық кезеңі Зайсан қаласында өтті. Байқаудың негізгі мақсаты: балалар бойында белсенді позицияны тәрбиелеу еді. Байқау 6 бағыт бойынша өткізілді. Қаратал орта мектебінен бұл байқауға алты оқушы қатысты. Солардың ішінде "Алға қадам" бағыты бойынша "Мейірімділік мектебі" тақырыбынан жоба қорғаған 9 "в" сынып оқушысы Болатова Айгерім жүлделі І орынды иеленді. Айгерімнің алдағы облыстық сайыста да жүлдеге жетуіне тілектеспіз! Айгерімнің жетекшісі мұғалім - анасы Жазира Болатова, түрлі сайыстардың жеңімпазы.