30
март
2017
«Жарқын болашақ» олимпиадасының жүлдегері Айман.
2016-2017 оқу жылы Өскемен қаласында «Нұрорда» мектебінде облыстық қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында жалпы орта білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары арасында тоғызыншы республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Зайсан ауданынан «Әнші бұлбұлдар» бағыты бойынша Қаратал орта мектебінің 7 Б сынып оқушысы Дәуренқызы Айман 3 орынға ие болды. Зайсан қаласында өткен аудандық кезеңінде Айман Бас жүлдені жеңіп алған. Ұстазы Дания Сейтқазықызы Бекішеваның жетекшілігімен қазіргі кезде Айман «Аялаған Астана» байқауына дайындық үстінде.
Н.Калиева
Н.Калиева