30
март
2017
Бозтаева Әлияның іс-тәжірибесінен
Өзгеріс не үшін керек?
Әлем өзгеруде... Әлем қарқынды өзгергендіктен адам да соған лайық өзгеруге тиіс.
ХХІ ғасыр – жаһандану және жаңа технологиялар ғасыры ретінде тарихқа енді. Жаһандану дәуірі білім мен ғылымда технологиялық өзгерістерге жол салды.Ғаламдық экологиялық проблемалардың да білімсіз шешілуі мүмкін емес. Ал жер шарындағы адамзат үшін тыныштық пен бейбітшілікті сақтап қалу - әлемдік саяси элитаның әлеуетіне байланысты. Нанатехнологиялар өндіріске екпіндей енуде. Қарқынды өзгерген әлемнің болашағы білімге байланысты екендігі анық. Ақпараттар ағымы көз ілеспес жылдамдықпен дамып отырған заманда ескі сарынмен жүріп, заман ағымына ілесе алмасың анық. 2002 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясында Жапон мемлекетінің ұсынысы бойынша 2005-2015 жылдар «Білімді тұрақты дамыту декадасы» болып жарияланды. Бұл декада адамзат алдындағы ғаламдық проблемаларды барлық елдердің білім жүйесін бір кеңістікте өзара үйлестіріп, қарқынды және тиімді дамыту арқылы шешу мақсаттарын белгіледі. Осы орайда БҰҰ мүшесі ретінде Қазақстанның экономикалық дамудағы серпінді өзгерістерін де есепке алмай болмайды. Қазір әлемдік экономикалық кеңістікте Қазақстанның орны ерекше. Бұл жаңа технологияларды пайдаланудың нәтижесі. Сондықтан біз өзгеруге тиіспіз. Әрине, білім беру жүйесі де өзгеруге тиіс. Қазақстанның 2050 жылға қарай әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына енуі үшін бәсекеге қабілетті білімді ұрпақ қажет.
2014 жылдан бастап елімізде ЭЫДҰ бәсекелестік жөніндегі комитетке мүше болу мақсаты қойылды. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының президентіН. Назарбаевтың халыққа Жолдауында былай делінген: «Ұйымға мүше барлық елдер терең жаңғыру жолынан өтті, инвестицияның, еңбек өнімділігінің, шағын және орта бизнесті дамытудың, халық өмірі стандарттарының жоғары көрсеткішіне ие болып отыр. Әлбетте, ЭЫДҰ елдерінің болашақ ұзақмерзімді қарқыны ескерілгендегі индикаторлары – жер жүзінің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру жолындағы біздің базалық бағдарымыз осы».
Бүгінгі күні елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған. Әлемдік білім кеңістігіндегі жалпы білім берудің басымдылық мақсаты-өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделетін, өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлға дайындау болып отыр. Менің ойымша қазақстандық мектептердің бүгінгі жағдайындағы басты проблема бәсекеге қабілетті тұлғаның жан-жақты дамуын қалыптастыруға байланысты. Осы проблемаларды шешудің түйінді идеялары ретінде Кембридж бағдарламасынҚазақстандық білім жүйесіне енгізілген реформа деуге болады.
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» деп айтылған. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында: «Орта білім берудің мақсаты-жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру»,- деп көрсетілген.
Еліміздің оқу жүйесін Сингапурдағы білім беру жүйесімен салыстырсақ, әр елдің өзіндік ерекшеліктері байқалады. Сингапурда әр оқушының бейім-қажеттігіне қарай таңдау мүмкіндігі беріледі және әлемдік экономиканың саясатына сәйкес ағылшын тілінде дәріс беріледі. Білімнің даму сатысында адамның өмір бойы білім алуына, жаңа технологияларды игеріп, өзіне жауапкершілік пен міндеттер алуына көңіл көп бөлінеді, негізгі идеясы қабілетті, дарындыларды қолдауға, көшбасшыларды тәрбиелеуге арналған. Ал Кембридж бағдарламасы арқылы мұғалімдерді кәсіби дамуға бағыттау, оқытудың жаңа тәсілдерін тиімді пайдалануға ықпал ету арқылы батыстық дамыған мемлекеттердің білім жүйесінің қажеттілерін оңтайлы пайдалану мүмкіндігі – қазақстандық білім саласындағы табыстар деуге болады.
Финлияндияның білім жүйесінің біздің елмен ұқсастығы білім алудың балабақшадан басталатындығы. Оқушыға, мұғалімге және мектепке сенім деген принциппен жұмыс істейтіндігі қатты ұнады. Білім алу оқушының табысқа жетуіне бағытталған, бағалаудың әр түрлі әдістерін пайдаланады. Бұл елдің мектептері статусқа бөлінбейді, барлық балаға нәтижеге бағытталған білім мен тәрбие бірдей берілу керек. Елбасы Қазақстаннның бәсекеге қабілетті ел болғысы келсе, Финляндияның үлгісін алғаны пайдалы болатынын атап көрсетті. Ал біздің елімізде балабақша ең басты проблема екендігі баршаға аян, сондықтан өзгеріс қажет.
Дегенмен, Мағжан Жұмабаев айтқандай қазақтың ел болуы мектебінің қалай құрылғанына байланысты екендігін естен шығармай, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын, ел тағдырын ойлайтын, ең бастысы жаһандық кірігуге қабілетті ұрпақ өсіруде өзіміздің бірегей жолымызды таңдай білгеніміз абзал.
Бозтаева Әлия Қожахметқызы, « Қаратал орта мектебі» КММ, бастауыш сынып мұғалімі, I санатты