01
апрель
2017
Шолпан Қабимолдақызы Құмарбекова
Шолпан Қабимолдақызы Құмарбекова Қаратал орта мектебінің беделді мұғалімдердің бірі. 1996 жылдан бері осы мектепте қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беріп келеді. 34 жыл мұғалімдік қызметінде. ҚР БҒМ Құрмет грамотасымен марапатталған. 2016 жылы " Қазақ әдебиеті пәнінен ұлттық біріңғай тестін дайындауда тиімді тәсілдері" атты әдістемелік кітабы жарық көрді. "PISA" халықаралық зерттеуі негізінде оқушылардың оқу сауаттылығын сабақ барысында қалыптастыру жолдары" тақырыбында облыстық онлайн-семинар өткізген. 2-деңгейлік курстан, "PISA" бойынша тренерлік дайындық курсынан өтті. Мектебімізде 2016-2017 оқу жылының қараша-наурыз айларында 100 сағаттық курс өткізді. Курсқа 23 мұғалім қатысып, белсенділік танытты. Курсант-мұғалімдер ашық сабақтар беріп,2000 сөзден тұратын рефлексиялық есеп жазды.